|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
![]() |
Тұтынушыға қолдау көрсету орталығымен хабарласуEpson компаниясына хабарласардаЕгер Epson өнімі дұрыс жұмыс істемесе және мәселе өнім құжаттамасындағы ақаулық жою туралы ақпарат арқылы шешілмесе, тұтынушыға қолдау көрсету қызметінің көмегіне жүгініңіз. Егер аймағыңыздағы қызмет көрсету орталығы тізімде болмаса, өнімді сатып алған мекемеге хабарласыңыз.
Тұтынушыға қолдау көрсету орталығы келесі ақпаратты қамтамасыз етсеңіз, сізге жылдамырақ көмек бере алады:
Өнімнің сериялық нөмірі
(Сериялық нөмір жапсырмасы әдетте өнімнің артында болады.) Өнім үлгісі
Өнімнің бағдарлама нұсқасы
( Туралы, Нұсқасы туралы ақпар немесе өнім бағдарламасындағы ұқсас түймені басыңыз.) Компьютер бренді мен үлгісі
Компьютер амалдық жүйесінің атауы мен нұсқасы
Өніммен қолданылатын бағдарламалық қолданбалардың атаулары мен нұсқалары
Сингапурдағы пайдаланушыларға арналған көмекEpson Singapore бөлімінде қолжетімді ақпарат көздері, қолдау мен қызметтер:
Дүниежүзілік веб (http://www.epson.com.sg)Өнім сипаттамалары, жүктелетін драйверлер, жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС), сату сұраулары және электрондық пошта арқылы техникалық қолдау көрсету бойынша ақпарат қолжетімді.
Таиландтағы пайдаланушыларға арналған көмекАқпарат, қолдау көрсету және қызметтерге арналған контакт:
Дүниежүзілік веб (http://www.epson.co.th)Өнім сипаттамалары, жүктелетін драйверлер, жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС) және электрондық пошта бойынша ақпарат қолжетімді.
Индонезиядағы пайдаланушыларға арналған көмекАқпарат, қолдау көрсету және қызметтерге арналған контактілер:
Дүниежүзілік веб (http://www.epson.co.id)Өнім сипаттамалары, жүктелетін драйверлер бойынша ақпарат
Жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС), сату сұраулары, электрондық пошта арқылы қойылатын сұрақтар
Гонконгтағы пайдаланушыларға арналған көмекТехникалық қолдау көрсету мен басқа сатудан кейінгі қызметтерге қолжеткізу үшін, пайдаланушылар Epson Hong Kong Limited компаниясына хабарласа алады.
Интернеттегі басты бетEpson Hong Kong бөлімі пайдаланушыларды келесі ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қытай мен ағылшын тілдерінде жергілікті басты бет құрды:
Өнім туралы ақпарат
Жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) жауаптар
Epson өнім драйверлерінің соңғы нұсқалары
Пайдаланушылар Дүниежүзілік веб басты беттеріне келесі мекенжаймен кіре алады:
Малайзиядағы пайдаланушыларға арналған көмекАқпарат, қолдау көрсету және қызметтерге арналған контактілер:
Дүниежүзілік веб (http://www.epson.com.my)Өнім сипаттамалары, жүктелетін драйверлер бойынша ақпарат
Жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС), сату сұраулары, электрондық пошта арқылы қойылатын сұрақтар
Үндістандағы пайдаланушыларға арналған көмекАқпарат, қолдау көрсету және қызметтерге арналған контактілер:
Дүниежүзілік веб (http://www.epson.co.in)Өнім сипаттамалары, жүктелетін драйверлер және өнім сұраулары бойынша ақпарат қолжетімді.
Филиппиндегі пайдаланушыларға арналған көмекТехникалық қолдау көрсету мен басқа сатудан кейінгі қызметтерге қолжеткізу үшін, пайдаланушылар Epson Philippines Corporation компаниясына хабарласа алады.
Дүниежүзілік веб (http://www.epson.com.ph)Өнім сипаттамалары, жүктелетін драйверлер, жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС) және электрондық пошта сұраулары бойынша ақпарат қолжетімді.
Австралиядағы тұтынушыларға арналған көмекАвстралия сізге жоғары сапалы тұтынушы қызметін ұсынады. Өнім құжаттамасына қоса, ақпарат алуға болатын келесі дерек көздерін ұсынамыз:
Өнімді сатушыӨнімді сатушы әрқашан ақаулықты анықтап, шеше алатынын ұмытпаңыз. Мәселе туындағанда ең бірінші кеңес үшін сатушыға жүгінген дұрыс; олар мәселені жылдам және оңай шешіп, келесі не істеу қажет екенін айта алады.
Интернет URL http://www.epson.com.auEpson Aвстралия дүниежүзілік веб парақтарын қараңыз. Модеміңізбен кейде осы жерді шолу тұрарлық! Вебсайттан драйверлерді, Epson байланыс нүктелер туралы ақпаратты, жаңа өнімдер туралы ақпарат және техникалық қолдау (e-mail) ақпаратын жүктеп алуға болады.
Epson көмек үстеліEpson көмек үстелі тұтынушыларға кеңес қамтамасыз етудің соңғы сақтық әдісі болып табылады. Көмек үстеліндегі операторлар сізге Epson өнімін орнатуға, жасақтауға және қолдануға көмек бере алады. Көмек үстеліндегі сату тобы Epson жаңа өнімдері туралы әдебиет таратады және жақын жерде орналасқан сатушы немесе қызмет көрсету орталығы туралы ақпарат береді. Сұрақтардың көбіне осы жерден жауап табылады.
Көмек үстелінің нөмірлері:
Біз сізге қажетті ақпараттың барлығын әзірлеп алып, телефон соғуға кеңес береміз. Неғұрлым көбірек ақпарат жинасаңыз, соғұрлым жылдам көмек көрсете аламыз. Бұл ақпаратқа Epson өнімінің құжаттамасы, компьютер түрі, қолданба бағдарламалар және қажет болуы деген барлық ақпарат кіреді.
Еуропадағы тұтынушыларға арналған көмек
Pan-European Warranty Document (Бүкіл Еуропалық кепіл беру құжатын) тексеріп, Epson тұтынушыға қолдау көрсету орталығына қалай байланысу қажет екенін анықтаңыз.
Солтүстік Америкадағы тұтынушыларға арналған көмекEpson төменде берілген техникалық көмек түрлерін қамтамасыз етеді.
Интернет арқылы қолдауПринтерге арналған Epson қолдау веб-сайтынан принтердің жалпы ақаулықтарының шешімдерін (АҚШ немесе Канада) қараңыз. Драйверлер мен құжаттарды жүктеуге, ЖҚС мен ақаулықтарды жою туралы кеңестер алуға немесе Epson компаниясына сұрақтар жіберуге болады.
Қолдау өкілімен сөйлесіңізEpson компаниясына көмек үшін телефон соғар алдында, келесі ақпаратты әзірлеңіз:
Өнім атауы
Өнімнің сериялық нөмірі (өнімнің артында орналасқан)
Тауарды сатып алғаныңыздың дәлелі (дүкен түбіршегі сияқты) және сатып алу күні
Компьютер конфигурациясы
Ақаулық сипаттамасы
Одан кейін келесі нөмірлерге телефон соғыңыз:
АҚШ: (562) 290-4322, сағат таңертеңгі 6-дан кешкі 8-ге дейін, Тынық Мұхит уақыты, дүйсенбіден жұмаға дейін, таңертеңгі 7-ден кешкі 4-ке дейін, сенбі.
Канада: (905) 709-2567, сағат таңертеңгі 6-дан кешкі 6-ға дейін, Тынық Мұхит уақыты, дүйсенбіден жұмаға дейін.
Қолдау көрсету уақыты мен күндері ескертусіз өзгертіледі. Ақы немесе қашықтан телефон соғу ақысы қолданылуы мүмкін.
Сатып алу және жабдықтарEpson таспаларын http://www.epson.com (АҚШ сатылымдары) немесе http://www.epson.ca (Канадалық сатылымдар) арқылы алуға болады. Сондай-ақ, Epson рұқсаты бар таратушылардан алуға болады. Жақын жердегі сату бөлімін табу үшін 800-GO-EPSON (800-463-7766) нөміріне телефон соғыңыз.
Латын Америкадағы тұтынушыларға қолдау көрестуEpson төменде берілген техникалық көмек түрлерін қамтамасыз етеді.
Интернет арқылы қолдауЖиі орын алатын ақаулықтардың шешімдерін принтерге арналған Epson қолдау вебсайтынан қараңыз. Драйверлер мен құжаттарды жүктеуге, ЖҚС мен ақаулықтарды жою туралы кеңестер алуға немесе Epson компаниясына сұрақтар жіберуге болады.
Қолдау өкілімен сөйлесіңізEpson компаниясына көмек үшін телефон соғар алдында, келесі ақпаратты әзірлеңіз:
Өнім атауы
Өнімнің сериялық нөмірі (өнімнің артында орналасқан)
Тауарды сатып алғаныңыздың дәлелі (дүкен түбіршегі сияқты) және сатып алу күні
Компьютер конфигурациясы
Ақаулық сипаттамасы
Одан кейін келесі нөмірлерге телефон соғыңыз:
* Мына ақысыз нөмірге телефон соғу үшін жергілікті телефон компаниясына хабарласыңыз.
** Алдыңғы 7 санды теріңіз, жауапты күтіңіз, одан кейін кодты енгізіңіз. Егер еліңіз тізімде болмаса, жақын жердегі Epson офисіне хабарласыңыз. Қосымша жергілікті немесе қашықтан телефон соғу ақылары талап етілуі мүмкін.
Жабдықтар мен керек-жарақтарын сатып алыңызТүпнұсқа Epson таспасын рұқсаты бар Epson таратушысынан сатып алуға болады. Жақын жердегі таратушыны табу үшін, жоғарыда сипатталғандай, Epson офисіне хабарласыңыз.
| ![]() |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||